|
Сіз өз өміріңізді жақсартқыңыз келе ме? Mary Kay компаниясы 45 жылдан астам уақыт бойы әйелдердің өмірлерін әдемірек, байырақ жасауға, оны жарқын оқиғалармен және ерекше дүниетаныммен толықтыруға көмектесіп келеді. Бүгінгі таңда Mary Kay сіздердің жеке бизнес жасауларыңыз, табысты ұлғайтып, мансап жолымен жылжуларыңыз үшін көптеген мүмкіндіктер ұсынады. Шектеусіз табыс. Сіздің қолыңызда көлемі тек өзіңізге ғана, өзіңіздің қаншалықты жақсы жұмыс істейтіндігіңізге ғана байланысты болатын шексіз табыс табу мүмкіндігі бар. Икемді жұмыс графигі. Сіз бұл бизнеске қанша уақытыңызды жұмсай алатын болсаңыз, тек сонша ғана жұмсайсыз. Тек өзіңізге қолайлы уақытта ғана клиенттермен кездесіп, өнімдерге тапсырыс бере аласыз, яғни жақындарыңызбен қарым-қатынас жасауда өзіңізді шектемейсіз. Тәуелсіздік. Компания көмегімен сіз жеке бизнесіңізді құрып, тәуелсіз кәсіпкер боласыз. Жаңа образ. Бизнесі «Мэри Кэй»-мен байланысты әйел әрқашан да сәнді көрінеді: шаш үлгісі, аяқ киімі, макияжы, киімі, жұпары, аксессуарлары (кейінірек олардың қатарына жеке автомобиліңізді де қосуға болады). Компанияның қолдауы. Компания сізге жан-жақты қолдау көрсетіп, сіздің іскери және кәсіби дағдыларыңызды дамытуға қажетті материалдармен қамтамасыз етеді. Тұрақты баспа басылымдары және сұлулық жөніндегі Кеңесшілерге арналған сайт әрқашан да сіздің иелігіңізде болады. Сонымен қатар, Компания Кеңесшілердің бизнестерін дамытуға көмектесу үшін мезгіл сайын конференциялар мен семинарлар ұйымдастырып отырады. Өнім. Сіз әлемге танымал косметикалық компанияның жоғары сапалы косметикасын ұсынатын боласыз, бұл сізге бәсекелестер алдында үлкен артықшылық береді. Сонымен бірге сіз бет терісіне күтім жасау және макияж саласындағы профессионал ретінде өзіңізді дамыту мүмкіндігіне ие боласыз. Қарым-қатынас жасау. Сізде жаңа таныстар мен кәсіби байланыстардың кең шеңбері пайда болады, оның ішіне өзіңіздің клиенттеріңіз де, басқа сұлулық жөніндегі Кеңесшілер де кіреді. Қосымша табыс табу мүмкіндігі. Егер сіз өзіңіздің тұрақты жұмысыңыздан шығуға әзірше даяр болмасаңыз, сапалы өнімді өзіңіздің таныстарыңыз бен жұмыстағы әріптестеріңізге ұсына отырып, «Мэри Кэй»-дің мүмкіндіктерін қосымша табыс табу үшін пайдалануыңызға болады. Қолайлылық. Біз өзіміздің сұлулық жөніндегі Кеңесшілерімізге тапсырыстар берудің қолайлы жүйесін: тапсырыс бланкі арқылы, телефон немесе Интернет арқылы, сондай-ақ Қазақстанның кез келген аймағына кепілді түрде жеткізу мүмкіндігін ұсынамыз. Бизнесті дұрыс ұйымдастыру. «Мэри Кэй» өзінің Кеңесшілерінің табысқа жетуіне көмектесу үшін, бизнесті ұйымдастырудың бірнеше бағдарламасын ұсынады. Біздің техниканың соңғы жаңалықтарымен жабдықталған және ыңғайлы орналасуымен және жаңаша дизайнымен айрықшаланатын Қызмет көрсету орталықтарымыз Кеңесшілерге өнімнің бүкіл ассортиментімен танысу, тапсырыс беру және барлық сұрақтарға жауап алу мүмкіндіктерін ұсынады. Ойланып көріңіз, жарқын келешекті және сіз үшін перспективасы үлкен Компанияға қосылатын сәт туған жоқ па?!
|

|